

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг өткізіп, Шиелі ауданында жүзеге асырылып жатқан және 2025 жылы басталатын ірі инвестициялық жобалар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
2025 жылы жалпы құны 68,2 млрд теңгені құрайтын 9 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Бұл жобалар іске қосылғанда 233 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, құрылыс кезеңінде 700 адамға дейін жұмысқа тартылатын болады. «Тесис» ЖШС – 40 МВт күн электр станциясыЖоба құны – 11,5 млрд тг Құрылыс кезеңінде – 85 адам Іске қосылғанда – 10 адам80 га жер телімі берілді 2025 жылдың IV тоқсанында іске қосылады «VIGOR Holding» ЖШС – 20 МВт күн электр станциясыЖоба құны – 6 млрд тг Құрылыс кезеңінде – 30 адам Іске қосылғанда – 6 адам30 га жер телімі 2025 жылы іске қосылады «Uranus Wind» ЖШС – 50 МВт жел электр станциясыЖоба құны – 16,5 млрд тг Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталады 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылады10 га жер телімі 2026 жылы іске қосу көзделуде «Altyn Dala Energy ltd.» – 60 МВт күн электр станциясыЖоба құны – 20,6 млрд тг 18 адам жұмыспен қамтылады223 га жер телімі 2026 жылға жоспарланған «Табиғи тас Қызылорда» ЖШС – Әк және қиыршық тас өндіру зауытыЖоба құны – 12,3 млрд тг 85 жаңа жұмыс орны10 га жер сұралған Қиыршық тас зауыты 2025 жылы іске қосылады «Эко Энерджи Плюс» ЖШС – Газ заправкасы және сервис кешеніЖоба құны – 1,5 млрд тг 27 адам жұмыспен қамтылады2 га жер (Тұран а/о) Құрылыс 2025 жылдың мамырында басталады «Ақмая» ШҚ – Күріш ақтау зауытыЖоба құны – 300 млн тг 10 адам жұмыспен қамтылады 2025 жылы іске қосылады «Таң ЛТД» ЖШС – Жүгері өңдеу кешеніЖоба құны – 200 млн тг 15 адам жұмыспен қамтылды 2025 жылы іске қосылады «Transshipment 1» ЖШС – Сұйық реагенттер қоймасы (күкірт қышқылы)Жоба құны – 1,5 млрд тг 50 адам жұмыспен қамтылады Құрылыс аяқталды, іске қосуға дайын Жыл сайын ауданда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар саны артып келеді. Бұл – аудан экономикасының тұрақты дамуының, жұмыс орындарының көбеюінің және тұрғындар әл-ауқатының жақсаруының айқын көрінісі.