458124701 3600626586853846 6523297940870001437 nplaceholder

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды

Бүгін, 3 қыркүйекте, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Ботай елді мекенінде халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды. Дүбірлі дода «AMANAT» партиясы мен Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.

Салтанатты іс-шараның ашылуында «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев бүгінгі айтулы дода Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының прологы болатынын атап өтті.

Сонымен қатар партия Хатшысы «Ұлы дала жорығы» марафонының символдық маңыздылығын атап өтті. Мәселен биылғы жарыс осыдан бес мың жыл бұрын адамзат баласы алғаш рет жылқы малын қолға үйреткен тарихи Ботай елді мекенінен бастау алды. Дәл осы жерден түрлі елдерден келген шамамен 85 шабандоз 500 шақырым жолды жүріп өтіп, көшпенділердің мәдени кодының бірегейлігін көрсетеді.

Өз кезегінде Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесін шабандоздармен қатар, арғымақтардың да төзімділігі мен шыдамдылығы сынға түсетін нағыз дала жарысы деп атап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шабандоздар 3-7 қыркүйек аралығында Лобаново ауылынан Астанаға дейін 500 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Марафон әрқайсысы 100 шақырымнан тұратын 5 кезеңге бөлінген. Дүбірлі додаlf қатысушылар мен көрермендер ежелгі түріктердің қасиетті және тарихи орындарын аралауға мүмкіндік алады.

Ат жарысына 9 қазақстандық команда, оның ішінде екі әйелдер командасы қатысып жатыр. Сондай-ақ жарысқа Түркия, Венгрия, Иран, Оңтүстік Африка Республикасы, Қырғызстан және Ресейден, атап айтқанда, Татарстан, Кабарда-Балқария және Қарашай-Шеркесиядан келген 8 шетелдік команда қатысады. Әрбір команда 5 шабандоз және 5 жүйріктен тұрады.

Айта кету керек, «Ұлы дала жорығы» ішкі және сыртқы туризмнің дамуына, жаңа қызықты экскурсиялық орындардың ашылуына және қазақ жылқы тұқымдарын насихаттауға ықпал етеді.

Еске сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанда 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл іс-шараға шамамен 2000 қатысушы келеді деп күтілуде.

 

Алмасбек Есмаханов

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

двадцать − два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар