Бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Махашов Бақдәулет Еркінбекұлы партия алаңында қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтар өтінішін тыңдады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Қабылдауға келуші тұрғындар медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, мүгедектік тобын тағайындау және әлеуметтік көмек көрсету бойынша өтініштер мен ұсыныс-тілектерін білдірді.
Фракция мүшесі өз кезегінде қайырымдылық көмек көрсету заңдылықтары аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық жағдайларына қатысты мүмкіндігінше көмек көрсетті.
Денсаулық сақтау және мүгедектік тобын тағайындау мәселелері бойынша өз тарапынан депутаттық сауал жолдап, назарға алынатыны айтылды.