459706963 935131925319111 8919372600676548136 nplaceholder

Фракция мүшесі тұрғындар өтінішін тыңдады

Бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ибраев Рашид Өткелбайұлы партия алаңында кестеге сай қабылдау өткізді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік көмек, көппәтерлі тұрғын үйлердің коммуналдық мәселелері және тұрғын үй алу кезектілігі сынды тақырыптарды қозғады.

Фракция мүшесі аталған мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме жүргізіп, коммуналдық төлемдерге қатысты қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және үй кезектілігі бойынша заң нормаларын түсіндіріп, мәселе бойынша депутаттық сауал жолданатынын, нәтижесі бойынша өтініш иесіне қосымша хабар берілетінін жеткізді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

17 − восемь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар