Ұшақта балағат сөздер айтып, сотқа тартылған әзілкеш Тұрсынбек Қабатов елордада концерт берді. Ол кезекті әзіл қойылымы барысында қамауда отырған уақытын күлкімен жетізді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Концерт Астанадағы Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өткен.
«Бұл концертке мен өте мұқият 5 күн дайындалдым. Телефон, бәрін арнайы өшірдім. Ешқайда шықпадым, дайындалдым. Бүгін Қайрат (Нұртас – ред.) дайындалуға кетті», — деді әзілкеш.