«Таза Қазақстан – Таза аймақ» экологиялық акциясы аясында Жалағаш кенті және ауылдық округтерде жаппай сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Сенбілік жұмыстарына 1800-ге жуық адам қатысып, 20 дана техника жұмылдырылды.
Тазалық шарасында көшелер мен саябақтардағы қоқыстар тазартылып, қураған талдар кесіліп, аяқ су жүретін арықтар қураған жапырақтардан тазартылып, 12 тоннаға жуық күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды.
Сондай-ақ, сенбілік жұмыстарының аясында көшелер, аллеялар мен саябақтарда 1500 түп ағаш отырғызылды.
Сонымен қатар, Жалағаш кенті және ауылдық округтердегі саябақтар мен аллеяларды тазалау жұмыстары жүргізілді.