Экологиялық акцияның маңызы зор

02abe071 ab08 487c b36d beaaf0d720e4

Экологиялық акция аясында «Анаға тағзым» орталығының қызметкерлері облыс орталығындағы Жалаңтөс Баһадүр және Мұхтар Әуезов ескерткіштерінің аумағын абаттандырды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бес аптаға созылатын игі бастамада «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» сынды арнайы тақырыптар пен нақты мақсаттар бекітілген.

«Киелі мекен» апталығы көпшілікті тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағына тазалық жұмыстарын жүргізуге үндейді. Экологиялық акция аясында «Анаға тағзым» орталығының қызметкерлері облыс орталығындағы Жалаңтөс Баһадүр және Мұхтар Әуезов ескерткіштерінің аумағын абаттандырды. Қоршаған ортаға қамқорлық жасап, өскелең ұрпаққа өнегелі істі насихаттауға бағытталған шараға облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері және еңбек ардагерлері қатысты.

Шара аясында ұлттық құндылықтарымыз насихатталып, орталық қызметкерлері мен «ДАМУ LIFT» жобасы қатысушылары бастас ойнап, садақ атудан өзара бақ сынасты. Орталық жанынан құрылған «Мирас» әжелер клубының мүшелері ауылдың алты ауызын айтып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Сенбілік соңында қатысушылар «Береке» аспаздық студиясы ұсынған ұлттық дәмнен ауыз тиді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

десять + шестнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар