Екі баласын тұншықтырып өлтірген қызылордалық мұғалімге сот үкім кесті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Айыпталушы 31 жастағы әйел алқабилердің шешімімен 15 жылға сотталды. Ол жазасын орташа режимдегі түрмеде өтейді.
Айта кету керек, психикалық сараптама нәтижесінде балалардың анасы қылмыс жасау кезінде ақыл-есі дұрыс болғаны мәлім болған.