Екі баласы өлі табылған әйел Шиелідегі мектептің мұғалімі

1678945350 sneg top p mishki na chernom fone pinterest 19 scaled

Қазір қайтыс болған бүлдіршіндердің анасына іздеу жарияланды. Келіншек №46 білім ұясында мектеп алды даярлық тобындағы балаларға білім береді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы жалдамалы пәтерден екі бүлдіршіннің мәйіті табылған болатын. Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, анасы өз құрбысына балаларының көз жұмғаны туралы хабарлама жіберген.

-7 ақпанда Түркістан қаласында жалға алынған пәтерлердің бірінен екі кішкентай баланың мәйіті табылды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлім себебін анықтау үшін балалардың мәйіттері сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша, балалардың қайтыс болғаны және олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған Қызылорда облысының тұрғынының тұрған жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады ПД өкілдері.

Ал білім бөліміндегілер іздеудегі педогог туралы әзірге толық ақпарат бермеді. Тек келіншек оқушылардың демалысына байланысты жұмысқа келмегенін жеткізді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один + четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар