462134434 2110677212661113 616724551861693390 nplaceholder

Дауыс беруші азаматтар үшін 45 инватакси қызметі жолға қойылған

Дауыс беру күні 45 инватакси қызметі жұмыс жасайды. Оның 16-ы Қызылорда қаласында, 29-ы аудандарда, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қажеттіліктерге қарай учаскелерде 48 ымдау тілінің маманы қызмет атқарады. Сондай-ақ, 72 учаскеде 105 азаматқа Брайль қарпімен жазылған трафереттер қолжетімді.

Референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.

Аймақта азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис қызмет жасауда. Барлығында «егов» арнайы сервистері қамтылған.

Дауыс беру күні азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске жұмыс істеуде. Олар №198 РУ – №5 мектеп-лицей №250 РУ – №261 орта мектеп, №189 РУ – №136 мектеп-лицей, №264 РУ – №264 мектеп-лицей, №347 РУ – №271 орта мектеп.

Облыс бойынша 380 референдум учаскесі бар. Оның 126-сы Қызылорда қаласында, 254-і аудандарда орналасқан.

Учаскелер таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді, 6 учаске таңғы сағат 6-да жұмысын бастады. Ол үшін арнайы қаулы бекітілген. Уақытша болу орнындағы 27 учаскеде дауыс беру ерте аяқталуы мүмкін. Олар – әскери бөлімдер, емдеу-профилактикалық мекемелері, тергеу изоляторлары және тағы да басқа мекемелер.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

6 − 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар