Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Алғашқы алтынды Франция иелендіplaceholder

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Алғашқы алтынды Франция иеленді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күнінде спортшылар жамбы ату спортының мажар стилі бойынша додаға түсті. Нәтижесінде жарыстың алғашқы алтынын Франция иеленді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Жамбы атуға 27 мемлекеттен барлығы 78 спортшы бақ сынасты. 11 топқа бөлініп, үздіктер іріктелді.

Осылайша Франция құрамасының спортшысы Рафаэль Малет алғашқы алтын медальді қанжығасына байлады.

Моңғолия өкілі Алтанкуяг Нергию күміс жүлдені олжалады.

Францияның тағы бір өкілі Гайтан Блот қола медальға қол жеткізді.

Қазақстан ұлттық құрама мүшесі Абзал Тұлыбеков үздік бестікке ілікті.

“Мажар стилінің ерекшелігі – спортшы атпен жылдамырақ шауып, нысанаға көп оқ тигізу керек. Жебе санына шектеу жоқ. Қазақстан дирекциясы барлық спортшыны атпен қамтамасыз етті. Тоқсанға жуық атты дайындадық. Көшпенділер ойындарына ұлттық құрама спортшылары үш ай дайындалды. Жыл басынан бері төрт оқу-жаттығу жинын өткіздік. Әр спортшыға жеке тактика әзірледік”, – деді Жамбы атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

18 − десять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар