COVID-19: Тоқаевтың олимпиадашылармен кездесуі кейінге қалдырылды
Ел президентінің олимпиадашылармен кездесуі кейінге шегерілді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі керек болған.
Алайда, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында президенттің Олимпиадаға қатысушылармен кездесуі бірнеше спортшыдан COVID-19 анықталуына байланысты кейінге қалдырылатыны туралы хабарлама жариялады.
Спортшылардың қайсысы коронавируспен ауырғаны туралы нақты айтылмаған.
“Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді”, – деп атап өтті Уәли.
Еске салайық, Қазақстан олимпиадалық құрамасы Франция астанасында өткен ойындарда жеті медаль иеленді. Активтегі жалғыз алтынды дзюдошы Елдос Сметов жазды, ол 60 келіге дейінгі санаттағы ең үздік атанды.
Қазақстандықтар тұғырдың екінші сатысына үш рет көтерілді. Олимпиаданы гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим стилінің балуаны Демеу Жадыраев және боксшы Нұрбек Оралбай күміспен аяқтады.