Вейп өніміне қатысты заңға президент 19 сәуірде қол қойған болатын. Заң бүгіннен бастап күшіне енді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда вейпке қатысты тыйымдар нақты көрсетілді.
Айталық, шегуге келмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салынған.
Яғни вейптердің айналымы үшін бүгіннен бастап қылмыстық жауапкершілік көзделген: