Биыл қай мамандыққа грант көп бөлінді

677227

Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

 Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәлімдеуінше, барлық гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінген.

“Гранттардың басым бөлігі “Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары” білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Ал “Педагогикалық ғылымдарға” – 13 735 грант, “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар” саласына – 10 903 грант, “Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика” бағытына – 8 288 грант тиесілі”, – деді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Министрлік мәліметінше, жыл сайын жалпы грант санынан арнайы квота бөлінеді. Биыл да әлеуметтік осал топтарға квота сақталады. 2022 жылдан бастап ауыл квотасы 35 пайыз болып бекітілген.
 
Айта кетері, су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) талапкерлері негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинаса, қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижелерімен грант конкурсына қатыса алады. 2024 жылы жалпы грант санының 20 пайызы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді.
 
2022 жылдан бастап беделді халықаралық пәндік олимпиада, жарыс, конкурс жүлдегерлері мемлекеттік грантқа ҰБТ-сыз ие бола алатындығын айта кеткен жөн. Мемлекеттік грант конкурсында балдар тең болған жағдайда басымдылық “Алтын белгі” иегеріне беріледі. Биыл 7 мыңнан астам түлек “Алтын белгіге” ие болған.
 
“Әскери борышын өтегендерге қатысты да тоқталсам. Өткен жылдан бастап олар ҰБТ-сыз әңгімелесу арқылы тек ақылы негізде оқуға түсе алады немесе жоғары оқу орындарының ішкі гранттарына үміткер болады”, – деп атап өтті Гүлзат Көбенова.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

тринадцать + одиннадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар