Білім саласында 1,8 млрд теңгені жымқыру бойынша тағы екі факті тергелуде

ReyPMR6PeGOlpeRphwWZpbAfajdbaYMS012uPlrS

Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Мақтаарал аудандық білім бөлімінің есепшілеріне 1,2 млрд теңге және Бәйдібек аудандық білім бөлімімен 600 млн көлемінде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. 

2020-2023 жылдар аралығында «1С: Бухгалтерия» есеп бағдарламасында жалпы білім беретін мектептер қызметкерлерінің карточкалық шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлерінің (ЖСН) орнына олармен үлестес тұлғалардың ЖСН енгізген айыпталушылар анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында іс бойынша айыпталушыларға қатысты тергеу әрекеттері мен тінту жұмыстары жүргізіліп, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі уақытта іс бойынша жауапкерлер 120 млн теңге көлемінде келтірілген шығынды өз еркімен өтеп берді. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды – деп хабарлайды ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять + 20 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар