518111535 2086307335233048 3014377087452288590 nplaceholder

Бидайкөл ауылында абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Бидайкөл ауылында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындармен ашық жүздесіп, ауылдың келбетін жақсарту бағытында қолға алынған жұмыстармен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бидайкөл ауылына кіреберіс тұсқа орнатылған сәулетті арка – соның бір дәлелі. Халық ауыл ажарын айшықтаған игі іске ризашылығын жеткізді. Сонымен бірге Ақтам елді мекеніне апаратын жол жөнделіп, жаңа аялдама пайдалануға берілмек.
Мұнымен қатар, М.Шоқай көшесі бойындағы шағын футбол алаңы демеушілердің қолдауымен жаңғыртылып, балаларға бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасалды. Бұл жұмыстар ауылдың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың тұрмысына да оң әсер етуде.
Айта кетейік, Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты 1 Мамыр ауылында кіреберіс аркасы орнатылған болатын. Қазіргі таңда Байсын, Жөлек ауылдарының кіреберісіне де осындай сәулетті аркалар орнатылуда.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 − два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар