Ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның ақ халаттылары баланың денесін әкелгенде, еріні көгеріп кеткенін байқаған. Бірақ дене жарақаты болмаған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Сондай-ақ емдеу ұйымының дәрігерлері оқушының денесін өзінің достары әкелді дегенді айтады.
“Бізге баланы әкелгенде еріні көкпеңбек болып кеткен. Яғни өліп қалғаны бірден белгілі болды. Сол сәтте жедел жәрдем де, полицейлер де ішке келді. Ал біз үмітімізді үзбей, балаға барынша қолдан келер көмекті көрсеттік. Денесінен жарақат немесе қан іздерін байқамадық”, – дейді дәрігерлік амбулаторияны дәрігері Айзада Қабылова.
Айта кетейік, Белкөл ауылындағы 9-сынып оқушысы кеше қайтыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша оны өзінен жоғары сыныпта оқитын бала ұрған. Қазір күдікті қамауға алынды.