527785099 4001301596803235 222824046649314804 nplaceholder

3. Белкөл кенті: І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар

Белкөл кентінің әкімі Жасұлан Сәду бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

— Кентті абаттандыру бағытында биыл тұрғындардың сұранысына сәйкес №1, 11, 12 көпқабатты үйлердің ауласына асфальт жол төселіп, автотұрақ салынды. Осы аталған көпқабатты 3 үйдің шатыры жөндеуден өтті. 8 көшеде күрделі жол жөндеу, 7 көшеде түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары басталды. Сондай-ақ, «Батыс Қытай-Батыс Европа» автожолының бойындағы «Лиза» бейіті қоршалды, — деді кент әкімі Жасұлан Хабидуллаұлы.

Кентте 464 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасауда. Жыл басынан бастап 79 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, 81 тұрақты жұмыс орны ашылды.

«Бизнес-Бастау» бағдарламасы аясында 6 тұрғын 9,4 млн. қайтарымсыз грантқа ие болды. Ал, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы құны 24,6 млн. теңгені құрайтын 3 жоба қаржылай қолдауға ие болды. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытудың түрлі мемлекеттік бағдарламалары аясында ұсынылған 11 жоба мақұлданып, 284,8 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × 3 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар