Бауырларын балалар үйіне бергісі келмейді

72db113b 543c 45a4 96f8 af78f54efd4d

Мезгілсіз дүниеден өткен қызылордалық көпбалалы ана Айтолқын Ыдырысқызының балаларына көмек қажет. Қиын жағдайға тап болған отбасы туралы журналист Шернияз Жалғас өзінің «Фейсбук» парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қызылорданың «Шанхай» мөлтек ауданында тұратын 6 балалы ана Айтолқын Ыдырысқызы 3 ай бұрын жесір қалған. Енді өзі де жол апатынан қаза тауыпты. Оқыс оқиғадан соң марқұмның балалары оқитын Т.Рысқұлов атындағы 222 мектептің педагогтары мен ата-аналары жаназа рәсімдерін өткізуге қолдау жасаған.

«Дегенмен, батпандай ауыр қиыншылық енді басталды. Тұңғышы Олжас 22-ге енді толды. Жігіт жасына жеткен ол бауырларын балалар үйіне бергісі жоқ. Жетімдерді жәутеңдетпей, демеп жіберейікші! Олжастың банктер мен заемдарда азын-аулақ қарызы бар екен. Үйінің үлкені ғой, жалғыз анасына жәрдем болсын деп алыпты уақытында. Енді мұны төлемесе бауырларына қамқоршы бола да алмайды екен. Сонымен бірге, мардымды айлығы бар жұмыс та керек. Елдің атымтайлары мен атқа мінерлері жәрдем беріп, қарамағына алмаса бауырларын балалар үйіне өткізуге мәжбүр болады», – дейді Шернияз Жалғас.

Сондай-ақ, журналист заң орындары, уәкілетті органдар жақында ғана мемлекет көп балалы отбасы ретінде берген пәтердің Олжастың атына аударылуына, бауырларына қамқоршы болу үшін жасалатын құжаттамалық жұмыстарға қолдау білдіруге шақырды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пятнадцать + шестнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар