Бүгінде белгіленбеген орынға қоқыс не құрылыс қалдықтарын тастау және қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізу, жалпы эстетикалық талаптарды бұзу деректерін болдырмау мақсатында қала көлемінде аралау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Белгіленбеген орынға қоқыс не құрылыс қалдықтарын тастау және қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізу, жалпы эстетикалық талаптарды бұзу деректерін болдырмау бойынша шаралар қабылдануда.
Аралау барысында қала әкімінің орынбасары Пакуатдин Шамұратов нысан аумағының тазалығы мен сәулеттік келбетін сақтамаған бірқатар кәсіп иелері мен тұрғындарға ескертулер жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.