458991000 930642802434690 424206488034376487 nplaceholder

Барсакелмес қорығы ұжымымен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық Халықтық штаб мүшелері Арал ауданына сапары аясында Барсакелмес қорығы ұжымымен кездесті деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында облыстық штаб мүшелері дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп, электр энергиясын өндіруде АЭС-ның рөлін айтты.

Қазіргі таңда озық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық саланы дамыту әлемдік тәжірибеде өз жетістігін беруде. Бұл расымен теңдесіз өндіріс орны болмақ.

“Қазақстан дамушы елдер қатарында сондықтан атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз орынды. Атом электр станциясын салу экономикалық тұрғыдан да тиімді әрі нәтижесі ұзақ мерзімді болады. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етпек”,-деді Аймақтық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов.

Кездесуде Барсакелмес қорығының ұжымы АЭС салу бойынша сұрақтар қойып, штаб мүшелерінен тиісті жауаптарын алды.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар