Асырап алған балаларына нәжіс беріп, зәр ішкізген Сманов заң алдында жауапқа тартылмайтын болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Себебі ер адамның психикалық аурумен ауыратыны белгілі болған.
«Сот-психиатрия сараптамасының қорытындысына сәйкес, У.Сманов созылмалы және психикалық аурумен ауырады және өз іс-әрекетін жасау кезінде ес-түссіз болған. Мұндайда заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды», – деп жазылған ЖОҒАРЫ СОТТЫҢ ХАБАРЛАМАСЫНДА.
У.Смановты Шымкент қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 16-бабына сәйкес мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуге шешім қабылдады.