457321653 3595322760717562 5746596600106882642 nplaceholder

Балалардың ыстық тамақпен қамтылуы «AMANAT» алаңында талқыланды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Партиялық бақылау Комитетінің отырысы өтіп, онда орталық және жергілікті атқарушы органдарда қызмет жасайтын партия мүшелерінің мектеп асханаларында ыстық тамақты ұйымдастыру бағытында атқарған жұмыстары талқыланды.

Күн тәртібіне сәйкес, комиссия отырысына арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы өңірдегі атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндап берді.

Әрине, бұл бағытта өңірде үлкен жұмыстар жасалып жатыр. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға жергілікті бюджеттен 9 млрд тг қаржы бөлінген. Мектеп-интернаттарды қоспағанда облыстағы 297 мектептің 290-да ыстық тамақ, 7-інде буфеттік құрғақ тамақ ұйымдастырылған. Биыл бірінші жартыжылдықта 87 331 бала, оның ішінде әлеуметтік осал топқа жататын 35 067 бала, бастауыш сыныптардағы 52 264 бала 100 пайыз тегін тамақпен қамтылған. Азық-түліктің нарықтық бағасының өсуіне орай тамақтануға бөлінетін қаржы жыл сайын 10-12% көтеріліп отыр»,- деді облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов.

Арал, Шиелі аудандары бойынша 7 мектеп ғимараты асхана ашуға талапқа сай келмеуіне байланысты бұл білім ордаларында тегін буфеттік тамақ ұйымдастырылған. Бұл мектептерде 289 бала білім алса, олардың 223-і тегін буфеттік тамақпен қамтылып отыр. Қазіргі таңда, Арал ауданындағы Ақшатау және Тоқабай елді мекендеріндегі мектептердің құрылысы демеушілермен жүргізіліп жатыр. Шиелі ауданы, Жансейіт елді мекеніндегі №133 негізгі мектептің жаңа ғимараты жақын күндері пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жаңа мектепте 40 орындық асхана қарастырылған. Келесі жылдан бастап 51 бала ыстық тамақпен қамтылмақ.

Жалпы өңірде 2021-2025 жылдар аралығында 236 мектептің асханасына жабдықтау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылу көзделсе, биыл 47 мектептің асханасы жабдықталған. Тамақтандырудың сапасына келсек, Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен ведомствоаралық сараптамалық тобы бекітіліп, әр мектепте бракераждық комиссия құрылған. Биыл сараптамалық топпен 112 білім беру ұйымында бақылау жүргізіліп, кемшіліктер мен занбұзушылықтарды болдырмау үшін тиісті шаралар қабылданған.

Жалпы «AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!»,- деп аталатын Сайлауалды бағдарламасында балалардың сапалы білім алуы мен қауіпсіздігіне ерекше мән беріп отыр. Бұл бағытта партия филиалдарының жанындағы Партиялық бақылау комиссиялары, депутаттық фракция мүшелері білім ордаларының құрылысы, білім сапасы, балалардың ыстық тамақпен қамтылуы, ондағы сапа барлығына тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × 2 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар