465064108 2133231080405726 6776841663226208474 nplaceholder

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Аймақтағы өзекті мәселелердің бірі – кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында орын алатын құқық бұзушылықтар болып отыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Десе де жыл басынан бері жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны 14,3 пайызға төмендеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында жергілікті полиция басқармасының бастығы Ердаулет Жаукеев айтты.

– Балалардың қауіпсіздігі әрқашан біздің назарымызда. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдарымен бірге балалардың қауіпсіздігі үшін тиісті шаралар қабылданып келеді. Өздеріңізге мәлім, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы 16 маусымда күшіне енді. Осы Заңға сәйкес жаңадан әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу бойынша 127-2-бап енгізілді. Жалпы, жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу бағытында тұрақты түрде «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Қауіпсіз мектеп» секілді жедел профилактикалық шаралары мен «Абайлаңыз балалар» акциялары өткізілсе, күнделікті «Түнгі қала», «Квадрат» рейдтері жүргізілуде. Ал, бүгіннен бастап қараша айының 2-і аралығында «Демалыс» профилактикалық іс-шарасы басталды,- деді полиция полковнигі Ердаулет Баянбанұлы.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × 5 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар