Балаева әнші-әртістерді сынады

Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өнер адамдарының заңсыз әрекетін сынады, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

«Қоғамды қарыштап өсіретін де, тұқыртып өшіретін де – мәдениет. Мәдениет тек өнер мен білім, озат талғам пен тазалық емес. Бұл, ең алдымен, адамның ішкі руханияты, халықтың өркениеттік болмысы. Ендеше, сол мәдениеттің туын көтеріп, өнердің тасын өрге домалатып жүрген әрбір майталман – елге үлгі, қоғамға бағдар болуы шарт», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасына Аида Балаева.

Министр мәдениет саласында жүрген азаматтардың заң бұзуы қоғамға теріс әсер беретінін мәлімдеді. Барлық азаматтар заңға мойынсұнуы керегін айтты.

«Өкінішке орай, соңғы кезде мәдениет саласындағы белгілі азаматтарға қатысты жағымсыз оқиғалар, кейде тіпті заңсыз әрекеттер жиілеп кетті. Әрине, жеке-дара адам ретінде, қарапайым азамат ретінде кімге болса да пендешілік тән қасиет. Адам болған соң қателесуің мүмкін, бірақ оның арты заңды аттауға бармауы тиіс. Өзін нағыз «мәдениет қайраткерімін» дейтін жан үшін танымалдық заңсыздыққа жол беретін құдырет емес. Олар қашанда ұлт мәдениеті дамуының қозғаушы күші саналады. Сондықтан олардың көпке ықпалы тек өнеге, насихат, жақсылыққа арқау болуы тиіс. Мәдениет қайраткерлері Заң мен Ұрпақ алдындағы осынау үлкен жауапкершілігін түсінуі керек. Бұл – мемлекет басшысының барша қазақстандықтардан талап етіп отырған бірегей үндеуі. Лауазымына, танымалдылығына, қоғамдағы орнына қарамастан, заң бәріне ортақ. Ал мемлекет осы қағиданың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін болады», – деді Балаева.

Айта кету керек, бұдан бұрын әнші Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа заңсыздық жасап, жауапқа тартылған болатын. Сондай-ақ, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов та заң бұзып, сынға іліккен еді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар