Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы “Раяна” балабақшасында бір жарым жастағы қыз баланың арқасын әлдекімнің аяусыз тістелеп тастағаны белгілі болды , деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Желідегі жұртты дүр сілкіндірген сұмдық жайтты Қазақтың Аружаны есімді facebook қолданушысы жариялады.
Оның сөзінше, баланы 25 рет тістеген.
Шиелі ауданындағы “Раяна” атты балабақшада болған жағдайды ата-анасы жаңа ғана жіберді. Тәрбиешінің жауапсыздығынан болып отыр бұл жағдай. “Тәрбиешінің көмекшісі сыртқа гаршок төгуге кетіп, балалар жалғыз қалады, сол уақытта болған жағдай” депті балабақша басшылығы, делінген жазбада.
Сондай-ақ ол кішкентай қызды бір ғана баланың осынша көп рет тістелеуі қисынға келмейтінін айтқан.
Бұл жағдайда “1,5 жасар қызды 1 жас 3 айдан асқан бала тістеді” депті. Кіттай ғана баланың 25 рет жалғыз өзі тістеп, осындай залал әкелуі қисынға соқпайды. Ана кіттай қыз қашып кете алмайтындай болып тұр ғой. Демек кемі 3-5 бала жабылып тістеген. Сағ 12:00 де болған бұл сорақылықты кешке дейін ата-анасына айтпау, алғашқы медициналық көмек көрсетпеу үшін қаншалықты жауыз болу керек?
Видеокамера болғанымен аяқ асты ашпай, істемей қалыпты. Істемейтін камера неге керек? Шиелі Ауданының Полиция Бөлімі сіздерге ата-анасы арыз тастады сол бойынша жұмыс жасауларыңызды сұраймыз. Камера жазбасын алыңыздар қалай да!
Осы жағдай болғанда тәрбиешінің өзі қайда? Көмекші неге тастап кетеді баланы? Негізі заң бойынша балаға тәрбиеші қарау керек, көмекші емес. Бұл 1-2 минутта болған жағдай емес, кемі жарты сағат уақыт алған. Сонда шырқырап жылаған балаға бір адамның келіп қарамағаны ма?, деді жазба иесі.
Оның мәліметінше, аталған оқиғаға байланысты Шиелі аудандық білім бөлімі өздерінің жауапкершілігінде емес деп айтқан.
Сонда кімнің жауапкершілігінде бұл балалар? Мемлекет емес па осы жеке балабақшаға ақша аударатын? Біздің дымымыз кетпейді дегендей бүлк етпей отыр. Қызылорда Облыстық Білім Кәсіподағы, Қызылорда Облысының Білім Басқармасы Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі назарға алыңыздар. Шиелі білім бөлімінің шамасы жетпесе жеке балабақшаларға!
Балабақшаны толықтай тексеруге алсын. Осы іс бойынша ата-анаға тиісті көмек көрсетіліп, жауапсыз қызметкерлер орындарын босатсын!, – деген Қазақтың Аружаны есімді facebook қолданушысы.
Сұмдық жайтқа қатысты Шиелі аудандық полиция бөлімінің өкілдері пікір білдірген: