мәселесі талқыланды

Байқоңырға кіріп-шығу құжатын жедел алу мәселесі талқыланды

Бұдан былай Байқоңыр қаласына кіруге және шығуға рұқсат беру құжаттары электронды рәсімделуі мүмкін. Бұл жөнінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және РФ Үкімет төрағасының орынбасары-Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесуде белгілі болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында «Байқоңыр» кешенінің негізгі мәселелері талқыланды. Тараптар «Бәйтерек» бірлескен ғарыш-зымыран кешенін құру жөніндегі жобаны іске асыру барысына ерекше назар аударды. Жоба бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар мен жасалған келісім-шарттарға сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті. Кездесуде жобаны іске асыруды жалғастыру бойынша одан әрі бірлескен іс-қимылдар тәртібі келісілді.

Бұл жобада қазақстандық тарап жерүсті инфрақұрылымын құруға және «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін жаңғыртуға жауапты.

Сондай-ақ, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және Байқоңыр қаласының даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, ҚР азаматтарына Байқоңыр қаласына кіруге және шығуға рұқсат беру құжаттарын электронды рәсімдеу мәселесі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Байқоңыр» кешені инфрақұрылымының әлеуметтік-мәдени әлеуетін тиімді пайдалану және дамыту үшін өзара іс-қимыл жасауға келісті.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 + 17 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар