b9f1c0150b7f4b117efc9383bcba037b original.210136placeholder

Бүгін – құтқарушылар күні

Бүгін біз өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, ел тыныштығын сақтауға үлес қосып жүрген құтқарушылардың кәсіби мерекесі, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Апаттың алдын алу, тосын жағдайларда жедел әрекет ету және адамдардың өмірін сақтау – нағыз ерліктің көрінісі.

Мерейлі мереке қарсаңында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қайрақбаев құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, қызметтік міндеттерін үлгілі орындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлерді ведомствалық наградалармен марапаттап, өз алғысын білдірді.

1995 жылғы 19 қазанда Төтенше жағдайлар қызметі құрылған болатын. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің №2541 Өкімімен «19-қазан – Құтқарушылар күні» деп ресми түрде жарияланды. Содан бері жыл сайын бұл күн біздің төл мерекеміз ретінде аталып өтуде. 

Өткен уақыт аралығында елімізде мемлекетіміздің аумағындағы, сондай-ақ одан шеткері жатқан жерлердегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйесі қалыптасты.

Құтқарушылар мамандығы өте қиын және қауіпті. Сонымен қатар құтқарушылар ерекше адамдар, себебі күнделікті дабыл бойынша отпен күресіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алып және оларды жою жолдарын атқарады. Бұл күресте құтқарушы жұмысының қауіптігі сонша, әрбір басқан қадамы соңғы болуы мүмкін. Олар үшін құтқару, сақтау, көмектесу, қорғау – ең алғашқы міндеттері болып табылады.

Бүгінде Қазақстан ТЖМ қызметкерінің беделі жоғары екеніне дау жоқ. Осы жұмыстың нәтижесі – мыңдаған құтқарылған өмірлер.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

двенадцать − десять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар