a038dcba0058bbd995047b65ae437128 original.474317placeholder

Азаматтардың жеке деректерін заңсыз алып, коллекторлық агенттіктерге берген

Азаматтардың жеке деректерін заңсыз алып, коллекторлық агенттіктерге берген, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, арнайы операция Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жүргізілген. Ұсталғандардың бесеуі қамауға алынған.

Министрліктің хабарлауынша, тергеу барысында күдіктілер азаматтардың жеке деректерін мемлекеттік базалардан заңсыз алғаны анықталған. Кейін бұл мәліметтер Telegram мессенджері арқылы таратылып, тіпті кейбір коллекторлық агенттіктерге берілгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полиция күдіктілердің нақты қай қалаларда ұсталғанын және олардың қандай компанияларда жұмыс істегенін жариялаған жоқ. Құзырлы органдар тек жалпылама ақпаратпен шектеліп отыр.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре + 17 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар