Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы додада жеңімпаз болды

Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы додада жеңімпаз болдыplaceholder

Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы додада жеңімпаз болды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Нугул атты қазақстандық сәйгүлік Дубайда өткен бәйгеде мәреге бірінші келді. 

“Мейдан” ипподромында өткен 1200 метр қашықтықтағы додаға 5 тұлпар қатысты. Нугул мен жокей Эндрю Слаттери 4-нөмірде жарыс жолына шықты. Алғашында қазақстандық тұлпар бәрінен артта келе жатқанымен, мәреге бірнеше метр қалғанда оза шауып, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Нугул – ақтөбелік атбегі Марат Көшеровтің сәйгүлігі. Тұлпардың бапкері – үндістандық Бхупат Симар. Биыл тағы бір қазақстандық сәйгүлік Қабирхан қаңтарда Дубайда өткен екі бәйгеде де жеңіске жеткен еді. Ал наурызда болған әлем кубогінде мәре сызығын сегізінші болып кесті.

Астанадағы Көшпенділер ойындарында Қабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиевтің бір тұлпары алтын, екінші тұлпары күміс жүлде иеленді. 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемь + семнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар