Бұған дейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев автогаз құю бекеттері арқылы сұйытылған мұнай газын сату мәселелеріне, атап айтсақ, бағаны реттеуге қатысты нақты тапсырма берген болатын, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Газ құю бекеттеріндегі кезекті, лимит қоюды, басқа да шектеулерді мүлде алып тастауды міндеттеген. Сондай-ақ, жоғары баға қоятын, әлеуметтік газды сату талаптарын сақтамайтын кәсіпкерлермен келісім-шарт бұзылатынын ескертті.
Еске салайық, Кызылорда облысының аумағындағы автогаз құю бекеттерінде газдың қосылған құн салығы бар шекті бөлшек сауда бағасы 1 литр үшін 70 теңге, облыс орталығынан шалғайдағы аудандарда (200 шақырымнан астам) 75 теңге болып бекітілген.
Бүгінде облыс әкімінің ұсынысына сәйкес өңірлік операторлар қала аумағында газды 65 теңгеден сатуда.