Ауылдың құлдыруына кімдер кінәлі?

S3910010.MP4.Still001

Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Тоғайлы елді-мекені құрдымға кетіп барады. Елуге жуық түтін үйі бар ауылда қазір не бары 11 ғана отбасы тұрады. Олардың айтуынша бұл жерде халық игіліне қажетті ешнарсе жоқ көрінеді. Күні кеше бастауыш сыныптарға арналған мектеп те жұмысын тоқтатыпты. Тұрғындар мұнын барлығына шенділерді кінәлап отыр. Себебі олар өз есептерінде ауылда жолдар жөндеуден өтіп, ойын алаңдары салынып жатыр деп есеп берсе керек, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

S3910001.MP4.Still012

Тоғайлы елді-мекенінде осындай қаңырап, бос қалған үйлер саны жетерлік. Инфрақұрылымнан жұрдай бұл жердің халқы баспаналарын тастап, жан-жаққа көшіп кеткен. Қалғандары ауыз суды ауыл шетіндегі ұңғымадан тасуға мәжбүр. Ал, тіршілік нәрінің сапасын 90-жылдардан бері ешкім тексермеген де көрінеді.

S3910001.MP4.Still003

– Дәмі де басқаша енді. Тұщы ғой, бірақ енді құртап жатыр ма, оны хлорламағасын біз соны ішіп жатырмыз. Су мәселесін жылда істейміз дейді жылдын-жылға қалып жатыр. – дейді КҮЛӘЙХАН КӨШЕКОВА, ТОҒАЙЛЫ ЕЛДІ-МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3910001.MP4.Still001

Жаңа оқу жылынан бастап бұл жерде мектеп те өз жұмысын тоқтатыпты. Отыз сегіз жыл бойы жұмыс істеген білім ордасына бүгінде баратын бала жоқ.

S3910001.MP4.Still016

– Бір бес балаға саның толтырып едік. Мектептің іші ескі, ыстық тамағы басқасы сәйкес келмейді деп кеше заврайоно өзі келіп, барлығын аралап жабуғы жұмыс жасап жатыр. Енді жабылды, кеше еңбек кітапшамызды қолымызға берді. – дейді ҒАЛЫМЖАН БАСЫҚАРАЕВ, ТОҒАЙЛЫ ЕЛДІ-МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3910001.MP4.Still009

Тұрғындар қалыптасқан жағдайға жергілікті ауыл әкімдерін кінәлап отыр. Себебі шенділер жоғарыға берген есептерінде ауылдағы атқарылған жұмыстарды жоқты бар қылып көрсетеді екен.

S3910010.MP4.Still002

– Жалған ақпараты мына жерде ойын алаңы салынды деген 23 ақпан 2023 жылы. Жоқ қой ол мына елді-мекенде, қып-қызыл өтірік ғой. Жолды да істедік деген, ол қайда? – дейді ҚАРАТАЙ МЫРЗАХМЕТОВ, ТОҒАЙЛЫ ЕЛДІ-МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3910001.MP4.Still010

Ауыл әкімінің міндетін атқарушы бұл мәселені басқаша түсіндірді. Ойын алаңын салмақ болған екен, алайда тұрғындар қарсылық білдіріпті.

S3910001.MP4.Still011

– Алдағы уақытта болады дегенбіз ойын алаңы, сосын ауыл тұрғындарының айтуы бойынша бізге ойын алаңы қажет емес деді. Бізге ауыз су істеп беріңіздер деді. Бізде хаттамасы барлығы тұр. – дейді ГҮЛЖАЙНА НҰРЕКЕЕВА, АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ.

S3910001.MP4.Still017

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары салынған су ұңғымасы болса ешкімнің теңгерімінде болмай шықты. Аудан шенділері құжаттарын рәсімдеуді енді ғана қолға алыпты.

S3910001.MP4.Still015

– Ол кезінде салынған, иесіз болып тұрған ғой. Өзінің тәртібі бар ҚР-ның заңнамасына сәйкес иесіз деп тану туралы сот шешім шығарып береді. Қазіргі таңда Алмалы ауылдық округыне қатысты сот шешімі шыққан. – дейді ЖОМАРТ БАЙӘДІЛОВ, ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР, КӨЛІК АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ.

S3910001.MP4.Still006

Осылайша шенділердің бірі барды жоқ десе, екіншілері мәселені енді қолға алып жатқан сынайлы. Тоғайлы елді-мекеніне ауыз су биыл тартылмайды екен. Тұрғындар болса ақ жағалылар бос сөзден шынайы әрекетке көшсе екен деп армандайды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девятнадцать − 3 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар