463479419 959617289537241 4185881026754638622 nplaceholder

Ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілегі тыңдалды

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мобильді көшпелі қабылдау тобы Жалағаш ауданына қарасты Мақпалкөл және Мәдениет ауылдық округтерінде болып, халықтың толғандырған сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қабылдауға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі Әмірбек Шаймағанбетов және тиісті басқарма өкілдері мен заңгерлер арнайы қатысты.

Екі ауылда өткен мобильді қабылдауға 100-ге жуық азамат келіп, түрлі бағыттағы өтініштерін білдірді. Соның ішінде, ауылдағы көшелерді жөндеу, жарықтандыру, инфрақұрылым мәселелерін реттеуге қатысты сауалдар жолданды.

Қабылдауға арнайы қатысқан заңгерлермен мүгедектігі бар азаматтардың заңдылық аясында пәтер алу жолдарын қарастыру мәселесі талқыланды. Ауылдағы жөндеу жұмысын қажет ететін әлеуметтік нысандардың жағдайына алаңдаған азаматтар да өз ұсыныс-тілектерін білдірді.

Тұрғындардың сауалдары бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті сала басшылары жауап берді. Елді мекен тұрғындарының өтініштерін тыңдап, мобильді қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру әрі қарай да жалғасатын болады.

Айта кетейік, 2024 жылға мобильді қабылдау жұмыстарын аймақтың 14 елді мекенінде өткізу жоспарланып, бүгінгі таңға оның 10-ы кестеге сай жүзеге асырылды. Нәтижесінде, 123 өтініш қаралып, 52-і оң шешілді. Сонымен қатар арыз-шағымның 35-іне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 36 өтініштің орындалуы бақылауға алынды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × 4 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар