Ауыл шаруашылық саласы қарқынды дамуда

1560837796 0e632b290fb831d848bac905c543df47

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану, кәсіпорындардағы еңбек жағдайы, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын және өңір жастарын қолдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев баяндады. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға саладағы өзекті мәселелерді бақылауда ұстау, шаруа қожалықтарымен тиімді кері байланыс орнату қажеттігін атап өтті.

Еңбек қатынастары саласындағы жағдай бойынша облыстық бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Ғанижан Қалиев баяндама жасады. Нұрлыбек Машбекұлы кәсіпорындар қызметкерлеріне жалақының мерзімінде төленуі тиіс екендігін атап өтіп, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне өз аумақтарындағы ахуалды үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Мұнан бөлек, жиында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының жағдайы қаралды. Атқарылған жұмыстар мен алдағы қабылданатын шаралар туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев баяндады. Сондай-ақ, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов жастар арасындағы ахуалға және NEET санатындағы жастарға бағытталған жұмыстарға тоқталды.

Жиын қорытындысы бойынша аймақ басшысы әрбір мәселе бойынша жан-жақты талдау жүргізіліп, тиімді әдістерді пайдалану, қажет болған жағдайда өзге өңірлердің оң тәжірибелерін енгізу мүмкіндіктерін қарастыру керек екендігін атап өтіп, жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 + десять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар