емлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, Шиелі ауданында ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың белсенділігін ынталандыруды көздеген «Ауыл күндері» байқауы бастау алды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Ауқымды байқау – ауыл тіршілігін жандандырып, еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге, ынтымақ пен бірлікті арттыруға бағытталған.
Байқау аясында елді мекендерде абаттандыру жұмыстары, мәдени іс-шаралар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылып, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлі кеңінен насихатталуда.
Бүгінгі байқауда Ақмая және Жиделіарық ауылдық округтерінің өнер ұжымдары «Руханият» орталығының алаңында көрермендерге арнап концерттік бағдарлама ұсынды. Ұлттық рухты көтеретін көріністер мен патриоттық әндер көпшілікке ерекше әсер сыйлап, ыстық ықыласқа бөленді.
«Ауыл күндері» аясындағы байқауға аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев арнайы қатысып, тұрғындарға сәттілік тілеп, осындай игі бастамалардың ауыл өміріне тың серпін беретінін атап өтті.