«Ауыл – ел бесігі» аясында 69 жоба жүзеге асырылуда

Жазира Бағланқызы
1 Min Read

«Ауыл – ел бесігі» аясында 69 жоба жүзеге асырылуда

450943924 782380100749903 6317463103672919603 nplaceholder

Биыл Қызылорда облысының 39 ауылдық елді мекенінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберіндегі 69 жобаны жүзеге асыруға 11 млрд. теңге қаралды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жыл басынан бері 5,6 млрд теңге игерілді. Атап айтсақ, білім саласында 2, денсаулық саласында 1, мәдениет саласында 4, спорт саласында 8 жоба жүзеге асуда.

Мұнан бөлек, электрмен қамту бойынша 14, газдандыру бойынша 1, ауыз сумен қамту бойынша 2 жоба қолға алынбақ. Көлік инфрақұрылымы саласында 35, абаттандыру саласында 2 жоба бар.

Жоспар бойынша 36 жоба биыл аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Олар – дәрігерлік амбулатория және медициналық бекетті, 2 спорт кешенін салу, 3 медицина мекемесін күрделі жөндеу, электрмен қамтудың 4, ауыз сумен қамтудың 1, білім беру нысанын күрделі жөндеудің 2 жобасы және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 26 жоба. Қалғаны келесі жылы ел игілігіне табысталады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять × 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру