529343247 2105042253359556 5445497838864121584 nplaceholder

«Ауыл – еңбектің мекені, жастар – болашақтың тірегі» аясында Ауыл күндері мен Жастар күні аталып өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, Шиелі ауданында ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың белсенділігін ынталандыру мақсатында «Ауыл күндері» байқауы бастау алған болатын, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Әр аптаның жұмасында дәстүрге айналған игі бастама аясында бүгін Ақтоған және Тұран ауылдық округтерінің өнер ұжымдары «Руханият» орталығының алаңында арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше рух сыйлады.
 
Ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін сахналық қойылымдар, патриоттық әндер мен өнерпаздардың жүрекжарды туындылары көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
 
Ауқымды байқау ауыл тіршілігін жандандырып, еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға, ынтымақ пен бірлікті нығайтуға бағытталған. Байқау аясында елді мекендерде абаттандыру, мәдени іс-шаралар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өткізіліп, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлі кеңінен насихатталуда.
 
Бүгінгі шараға аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов арнайы қатысып, ауыл тұрғындары мен жастарға сәттілік тілей отырып, бұл бастаманың ауыл өміріне серпін беріп, еңбек адамдарының абыройын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

два × четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар