463438517 2121172948278206 5173573504668140778 nplaceholder

Қауіпсіздік іс-шаралары жыл бойы жалғасады

Облыс бойынша жыл басынан бері өрт қауіпсіздігі саласында 1 134 нысан тексерістен өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Оның 363-і профилактикалық бақылау мен қадағалау шеңберінде, ал 771 нысан жоспардан тыс тексерілген. Тексеру нәтижесінде 10 942 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды. Тиісті сала мамандары тарапынан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған жеке және заңды тұлғаларға қатысты 1 159 әкімшілік іс қозғалып, тиісті шаралар қабылданды. Жүргізілген тексерулер мен қабылданған шаралар аймақтағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып есептеледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Арман Дастенов мәлімдеді.

– Жылу беру маусымына дайындық кезеңінің басталуына орай облыстағы әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы және мүгедектігі бар 5 463 тұрғын үй тізімі нақтыланды. Оларға 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Әлеуметтік осал топтардан бөлек, 10 414 тұрғын үй секторын аралау арқылы 34 728 тұрғынға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 160 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алынып, 116 данасы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға орнатылды. Бүгінгі таңда 484 дана датчик сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу беру маусымы аяқталғанға дейін профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады,- деді Арман Мамайұлы.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар