528587075 2103944866802628 4538991467910743450 nplaceholder

Аудан әкімі Оқушылар үйі мен Өнер мектебінің құрылыс барысымен танысты

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі кентінде салынып жатқан 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебінің құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сай қарқынды жүргізілуде. Ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін аудан балалары үшін шығармашылық және өнер саласында қосымша білім алуға мол мүмкіндік туады.

Аралау барысында аудан әкімінің орынбасары, құрылыс және білім салаларының жауапты мамандары, сондай-ақ мердігер мекеме директоры бірге болды.

Аудан басшысы құрылыс сапасы мен мерзімін басты назарда ұстап, нысанды уақытылы аяқтауды тапсырды.

Бұл нысанның іске қосылуы – ауданның білім және мәдени кеңістігін кеңейтетін маңызды қадам болмақ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

10 − девять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар