Аудан әкімі ардагерлермен бірге жаңа нысандарды аралады
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков аудан ардагерлерімен бірге халық игілігі үшін абаттандырылған бірқатар жаңа нысандарды аралап, таныстырды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Алдымен Жақаев көшесі бойындағы орнатылған заманауи LED-экран арқылы патриоттық рухты көтеретін бейнероликтер мен ұлағатты сөздер көрсетіліп, ұлт санасын оятатын мазмұндар қабырғаларда бейнеленіп тұр. Бұл — өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.
Келесі кезекте Дәулеткерей көшесіне ат басын бұрып, мұндағы ескі қоршаулардың заманауи үлгідегі сәнді қоршаулармен алмастырылғанын көрді. Қоршаулардың бетінде Қазақстанның жаңа, сәулетті ғимараттары бейнеленген көрнекі суреттер орнатылып, көше келбетіне ерекше көрік беруде. Бұл жұмыстар — тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, ауданның эстетикалық келбетін жаңа деңгейге көтеруде.
Аудан ардагерлері атқарылып жатқан игі істерге өз ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты.