538958587 2119168535280261 8894802955230153482 nplaceholder

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков спортшылармен еркін форматта кездесті

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков аудан спортшыларымен ашық әрі еркін форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жиын барысында аудан спортшыларының жетістіктері атап өтіліп, сала мамандары алғыс хаттармен марапатталды.
 
Ауданымызда дене шынықтыру және спортты дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның жарқын дәлелі – «Алтын күз – 2025» XXXVIII облыстық спартакиадасында Шиелі ауданы құрамасы 18 спорт түрінен қатысып, жалпы командалық есепте жеңімпаз атанды.
 
Жиында сөз сөйлеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңес төрағасы, әйелдер кеңесінің төрайымы спортшыларға сәттілік тілеп, қолдау білдірді.
 
 Ауданның спорт инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді.
— «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен қаржыландырылған Шиелі кентіндегі спорт кешені құрылысы қарқынды жүргізілуде.
— Абай көшесінде орналасқан спорт кешенін күрделі жөндеу жұмыстарының мемлекеттік сатып алу процесі аяқталды.
— Досбол би ауылында “Қазақстан халқына” қорының қолдауымен жаңа үлгідегі спорт кешені пайдалануға берілген
— Ы.Жақаев ауылында жеке кәсіпкердің демеушілігімен дене шынықтыру-сауықтыру кешені халық игілігіне тапсырылды.
 
Бұл — мемлекет қолдауы мен жергілікті биліктің бірлескен іс-қимылының, сондай-ақ, ауыл спортын қолдауға бағытталған нақты қадамдардың жемісі.
 
Бұқаралық спорт пен жастар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау арқылы ауданымыз тек спорттық жетістіктермен ғана емес, қоғамдық өмірдегі белсенділігімен де үлгі болуда.
 
Бүгінгі кездесу барысында аудан спортшыларына көрсетілген құрмет пен қолдау – олардың алдағы жарыстарда да тың серпінмен, биік белестерді бағындыруына берік негіз болары анық.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре + девять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар