Қатты дауылдың салдарынан тұрғын үйдің шатырына зақым келген, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі “Мой Город” порталына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданындағы Көсембай ауылында қатты дауыл көтерілген. 9 тамыз күні кешкі уақытта ауылдағы электр бағаналары құлап, шатырлар мен шарбақтар желмен ұшқан.
“Ауылдың астан-кестені шықты. Сиырлар мөңіреп, қойлар маңырап кетті. Мал далаға қашты. Бағаналар құлап, тас қараңғы болды. Абырой болғанда адамдар аман, жел басылғаннан кейін ер адамдар шығып, шатырларды көтеруге кірісті, астынан малды шығарды”, – дейді ауыл тұрғындары.