Атаусыз көшелерге 1 миллиард теңге бөлінген

remont 15

Прокуратура жалпы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жетісу облысы прокуратурасы ұсынған хабарламада конкурсты өткізбеудің себебі тапсырыс берушілер құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатқаны айтылған. Сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан.

Айта кету керек, бұдан бөлек құны 500 миллион теңгеге қала көшелерін жөндеуге арналған конкурс жарияланған. Алайда, тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған. Сондай-ақ әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақауы бар актілерді ұсынбаған.

Қазіргі күні заң бұзушылықтың алдын алып, кәсіпкерлерге ашық конкурсқа қатысу мүмкіндігі берілді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

8 + двенадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар