463086074 958038646361772 7800337385036321410 nplaceholder

Атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партияның облыстық филиалымен 2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жалпы, партияның халық алдындағы ең басты міндеті – Сайлауалды бағдарламасының мүлтіксіз орындалуы.

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға жоспарланған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасы негізінде барлық өңірлерде бағдарламаны нақты жүзеге асырудың арнайы Жол картасы әзірленді. Жол картадағы шараларға нақты қаржы қаралды. Ағымдағы жылдың 9 айында Жол картаға енген 115 шараның 66 орындалды, 49-і орындалу үсінде.

Өңірлік Жол картадағы әрбір нысанның құрылысы партияның аймақтық және аумақтық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының бақылауында.

Комиссия мүшелері Жол картасы шеңберіндегі нысандарға бақылау жұмыстарын ұдайы жүргізе отырып, жұмыстың нақты, сапалы аяқталуын бақылау үстінде. Ағымдағы жылдың 9 айында Партиялық бақылау комиссияларының 85 отырысы өткізілді. Оның 11 отырысы аймақтық деңгейде, 74-і аумақтық филиалдардың ұйымдастыруымен өтті.

Комиссия отырыстары мен мониторинг жұмыстары барысында 414 ұсыныс әзірленіп, оның 292-сі орындалды.

Партия алаңында азаматтарды қоғамдық қабылдау жұмыстары да жан-жақты ұйымдастырылуда. 9 ай қорытындысы бойынша 1295 қоғамдық қабылдау өткізіліп, онда 3918 тұрғын қамтылған.

Бүгінгі күнге келіп түскен өтініштер саны – 4880. Соның ішінде оң шешілген өтініштер 67,6 пайыздан 72,3-ке көтеріліп отыр.

Жалпы, партия тарапы азаматтардың әлауқатын арттыру бойынша тиісті жұмыстар атқаруда. Оның ішінде партиялық жобалар зор мәнге ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларының игілігін әр азамат көру қажеттігін атап өткен болатын.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша биыл облыста 905,44 млн. теңгеге 136 жоба қаржыландырылды.

«Жер аманаты» жобасы бойынша Президенттің тапсырмасына сәйкес аймақта 2022 жылдан бастап мақсатына сай пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет тарапына қайтару, оны қайта айналымға қосу жөніндегі жұмыстар жүруде. Осы орайда, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанынан «Жер аманаты» аймақтық комиссиясы құрылып, осы бағытта жұмыс жасауда.

Азаматтардың қызығушылығын арттырған партиялық жобаның бірі – «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында биыл өңірден 8000 азаматты қаржылық сауаттылық оқу курсынан өткізу жоспарланды. Бүгінгі күнге облыс көлемінде 8433 адам білім алды. Жыл соңына дейін қосымша 3000 адам курстардан өтетін болады.

БАҚ өкілдерімен кездесуде филиал төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы партия бастамалары мен жобаларының ауқымы бұдан әрі де кеңейіп, сайлаушылар үшін маңызды нәтиже көрсетенін жеткізді.

Айта кетейік партияның облыстық филиалымен атқарылған жұмыстарды жергілікті БАҚ беттеріндегі «Апта ағымында», «В потоке недели», «События недели» айдарларынан оқи аласыздар.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 × 4 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар