Астанадағы спорт алаңында жігіттің үстіне футбол қақпасы құлады. Жігіт алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Orda.kz хабарлағандай, қайғылы жағдай «Достық арена» спорт алаңында болған. Футбол ойыны кезінде қақпада тұрған жігіт оған асылып, айналмақшы болады. Алайда жігіт оған асыла бергенде, қақпа жігіттің үстіне құлайды. Жігіт алған жарақатынан көз жұмды. Марқұм 25 жаста екен.
«Футбол алаңында ер адамның қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жазатайым оқиға болған. Қақпа жігітті басып қалған», деп хабарлады елордалық ПД.