Әскери қызметкер штаб мүлкін құмар ойындарға салып жіберген

Әскери қызметкер штаб мүлкін құмар ойындарға салып жіберген

Әскери горнизондағы топографиялық қызмет бастығы штаб мүлкін ломбардтқа өткізіп жіберген, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Семей гарнизоны әскери соты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (“Өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену” фактісі) бойынша әскери қызметкердің ісін қарады.

“Сотталушы О. штабтың топографиялық қызметінің бастығы бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, букмекерлік сайтта бәс тігіп, ұтылып, жеке басындағы қарыздардың көбеюіне байланысты пайдакүнемдік мақсатта әскери бөлімге тиесілі топографиялық құрылғыларды ломбардқа өткізген”, – делінген әскери соттың хабарламасында.

Салдарынан мемлекетке 2 млн теңгеден астам залал келтірілген.
 
Айыпталушы бас бостандығынан айрылды.
 
“Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілді”, – дейді сот.
Ол Қылмыстық Кодекстің 49 – бабы, 1-бөлігіне сәйкес “капитан” әскери атағынан айырылды.
Сондай-ақ экс-әскери қызметкерден мемлекет пайдасына материалдық шығын мен мемлекеттік баж салығы өндірілді.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар