Әскери бөлімнен 18 жастағы сарбаз жоғалды

Әскери бөлімнен 18 жастағы сарбаз жоғалды

Әскери бөлімнен 18 жастағы сарбаз жоғалды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Mangystaumedia.kz мәліметінше, Ақтаудағы әскери бөлімде қызмет етіп жүрген сарбаз түнгі кезекшіліктен оралмаған.

Хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметші N6656 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері – Нұрлыжан Пусерманов.

20 шілде күні 6656 әскери бөлімінде жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтеді. 21 шілде күні жас сарбаздар қаланы аралауға өздерінің ата-аналарымен бірге кешкі сағат 18.00-ге дейін жіберілген.

Оны іздеуге LIDER.KZ қозғалысының, төтенше жағдайлар департаментінің және облыстық полицияның еріктілері қосылды.

Ақтаудағы 6656 әскери бөлімі 21 шілде күні із-түссіз кеткен сарбаздың табылғанын мәлімдеді.

“21 шілде күні белгіленген уақытта (сағат 18.00-де) жас сарбаздарды тексеру барысында Ақтөбе облысынан шақыртылған сарбаздың әскери бөлімге қайта келмегені анықталды. Қатардағы жауынгерді іздестіру шаралары жүргізілді. Қазіргі таңда сарбаз әскери бөлімге оралды”, – деді 6656 бөлімінің өкілі.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

15 + шесть =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар