462755938 956622626503374 4531857600092453079 nplaceholder

Қарызсыз қоғам: Сауаттылық курсы жалғасып жатыр

Бүгін «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқу семинарының кезекті аптасы басталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қаржы эксперттері Қызылорда қаласы және Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы, Жалағаш аудандарында дәрістер беруде. Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық округінде өткен семинар жұмысына партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов пен партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева ауыл тұрғындарына жобаның маңыздылығын түсіндірді.

Мемлекет басшысынан қолдау тауып, жалпыхалықтық деңгейге жеткен «Қарызсыз қоғам» жобасының негізгі мақсаты қарызға белшеден батып, үмітін үзгендерге қолдау көрсету, қолда бар қаражатқа өмір сүруге, қажетсіз несиеден бас тартуға үйрету.

Атап өтейік бүгінгі күні өңірде жоба аясында 8700 азамат оқу курсынан өтті. Жыл соңына дейін 2300 азамат оқытылатын болады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

12 + 2 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар