ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Azattyq-news
1 Min Read

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қала ардагерлерінің басын қосқан салтанатты шара ұйымдастырылды. Шаһар басшысы Нұржан Ахатов ел ағалары мен ақ жаулықты аналарды мерейлі мерекемен құттықтап, облыс әкімінің ізгі лебізін жеткізді.

«Өңіріміздің өрістеп, көшіміздің өрге басып, өркен жаюы жолындағы әрқайсыларыңыздың ерен еңбектеріңіз ел жадында. Бүгінгі жарқын жетістіктеріміз Сіздердің тыным таппай, тыныс алмай атқарған жұмыстарыңыздың жемісі. Сіздердің ел болашағы үшін атқарған бар игі істеріңізге алғыс білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ — береке тілеймін!»,- деді Нұржан Сәбитұлы.

Қазіргі уақытта қаламызда 33 мыңнан астам ардагер бар. Қазыналы қарттарға мемлекет тарапынан барлық қолдаулар жасалуда. Қала бюджетінен ардагерлерімізді сауықтыруға жолдамалар беріліп, күндізгі емдеу стационарларында медициналық қызметтер көрсетілуде. Қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастырумен тыл және еңбек ардагерлеріне, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік маңызды іс — шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру