Психиатриялық ауытқуы болғандықтан “Д” есепке алынған азаматтың бұған дейін білім ұясында балаларға сабақ беріп келгені анықталды. Мұндай жағдайды прокурорлар әшкерелеп отыр, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары білім беру ұйымдарын тексере келе бірнеше заңбұзушылық анықтаған. Тіпті бұрын жасаған қылмысы үшін сотталған азаматтардың да мектептерде қызмет атқарып келгені белгілі болды. Мәселен қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған 1 мұғалім және 2 күзетші жұмыс істеген.
“Сондай-ақ, психиатриялық бұзылуларға байланысты “Д” есебінде тұрған 1 адам (көмекші персонал) балалардың білім беруімен айналысқан. Прокуратура білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін тыйым салынған адамдармен еңбек шарттары бұзылды, кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – деп хабарланды БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ ресми сайтында.